Алматы, Республика алаңы 13, офис 510 +7 (727) 272-10-32 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Заңды тұлғаларға арналған қызметтерінің тарифтері

Қызмет түрі

Тарифтер

1. Брокер қызметтері:

1.1. Жергілікті нарықта корпоративтік  БҚ сатып алу/сату

 

мәміле сомасынан 0,05%, бірақ  2 АЕК кем емес – ұйымдастырылған нарықта 

мәміле сомасынан 0,1%, бірақ  3 АЕК кем емес – ұйымдастырылмаған нарықта

1.2. Жергілікті нарықта мемлекеттік  БҚ сатып алу/сату

 

мәміле сомасынан 0,02%, бірақ  2 АЕК кем емес – ұйымдастырылған нарықта

мәміле сомасынан 0,1%, бірақ  3 АЕК кем емес – ұйымдастырылмаған нарықта

1.3. Жергілікті нарықта «РЕПО» операциялары 

0,5% (РЕПО ашу  сомасы және жабу сомасы арасындағы айырмадан), комиссия РЕПО операциясын жапқан кезде алынады, бірақ 1 АЕК кем емес

1.4. Халықаралық нарықта бағалы қағаздарды және  туынды қаржылық құралдарды сатып алу/сату

мәміле сомасынан 0,3%, бірақ  2 АЕК кем емес

1.5. Бағалы  қағаздармен мамандандырылған сауданы жүргізуді ұйымдастыру

20 000 теңге

1.6. Депозитарий қолхаттарын айырбастау

айырбастау операциясы үшін $15 және әрбір айырбасталатын қолхатқа қосымша $0,05 

2. Номиналды ұстау қызметтері:

2.1. Шотты ашу /деректемелерін өзгерту

Тегін

2.2 Дербес шотты жабу

Тегін.
Клиент бұйрық бермей және Клиенттің дербес шотында соңғы он екі ай ішінде бағалы қағаздар мен ақша (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) болмағанда

2.3. БҚ номиналды ұстауда есепке алу және сақтау

Айына 2 АЕК (ҚҚ қалдықтары және/немесе дербес шот бойынша ҚҚ қозғалысы болған кезде)

2.4. Клиенттің бағалы қағаздарын номиналды ұстауға қабылдау 

Тегін

2.5. Номиналды ұстаудан шығару

Бір транзакция үшін 1 АЕК 

2.6. Номиналды ұстау жүйесі ішінде бағалы қағаздарды аудару

Тегін

2.7. Дұрыс көрсетілмеген деректемелерге байланысты бұйрықтың күшін жою

Бір транзакция үшін 1 АЕК 

2.8. Бағалы қағаздар ауыртпалығын тіркеу/ ауыртпалығын міндеттемелермен алып тастау 

Бір транзакция үшін 1 АЕК 

2.9. Бағалы қағаздарды бұғаттау 

Бір транзакция үшін 1 АЕК 

2.10. Меншік құқықтарының өтуін рәсімдеу (айырбастау) 

0 Көлемнің 0,05%-ы, бірақ 5000 теңгеден кем емес

2.11. Клиенттің сұратуы бойынша дербес шоттан үзінді көшірме беру

Тегін – айына бір рет, әрбір келесі – 1 АЕК

2.12. Клиенттік тапсырысты орындау туралы есеп

Тегін

2.13. Белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп

Ай сайын, дербес шотта қозғалыс болған кезде – тегін, клиенттің сұратуы бойынша – 1 АЕК

2.14. Белгілі бір уақыт кезеңіндегі қаржы құралдарының қозғалысы туралы есеп

Ай сайын, дербес шотта қозғалыс болған кезде – тегін, клиенттің сұратуы бойынша – 1 АЕК

2.15. Номиналды ұстаудың өзге де қызметтері

Бір транзакция үшін 1 АЕК

2.16. Дербес шотқа жылдық қызмет көрсету 

15 000 теңге

2.17. Ақша қаражатын клиенттің басқа банктегі шотына теңгемен аудару

Аударым сомасының 0,15%-ы, 1 АЕК-тен астам емес

2.18. Ақша қаражатын клиенттің басқа банктегі шотына шетел валютасымен аудару

Аударым сомасының 0,35%-ы, 3 АЕК-тен астам емес

3. Басқа да қызметтер:

3.1. Қаржылық кеңесші қызметтері 

 

3.1.1. клиент халықаралық нарықта сатып алған бағалы қағаздарға қалыптасқан нарықтық бағалар туралы ақпарат беру (Bloomberg дерекқорынан) (сұрату бойынша)

1 сұрату үшін 100 мың теңге

3.1.2. отандық және шетелдік эмитенттердің халықаралық нарықта саудаланатын бағалы қағаздары туралы ақпарат беру (сұрату бойынша)

1 сұрату үшін 200 мың теңге

3.1.3. отандық және шетелдік эмитенттердің қаржылық жағдайын талдау (сұрату бойынша)

Бір эмитент бойынша талдау үшін 200 мың теңге

3.1.4. өзге де консультациялық қызметтер (сұрату бойынша)

- уағдаласу бойынша.

3.2. Сенімгерлік басқару

- уағдаласу бойынша.

3.3. Маркет-мейкер қызметтері

- уағдаласу бойынша.

3.4. Андеррайтингтік қызметтер

- уағдаласу бойынша.

3.5. Өзге де қызметтер

- уағдаласу бойынша.

3.4. Қызметкердің келуі

- 10 000 теңге / бір бару.

  • Клиенттің мәмілелері мен активтеріне қатысты брокер және номиналды ұстаушы функцияларын орындауды қамтамасыз ететін ұйымдардың, оның ішінде: «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ, екінші деңгейдегі банктердің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың), кастодиан банктердің және бағалы қағаздар нарығының өзге де кәсіби қатысушыларының комиссиялық алымдары мен тарифтері тарифтерге кірмейді. Аталған ұйымдардың комиссиялық алымдары тиісті шарттар, шоттар және/немесе ресми тарифтер негізінде факт бойынша ұсынылған (қайта ұсынылған) шоттар бойынша төленуге тиіс.
  • Клиентті 10 күнтізбелік күн бұрын хабардар еткен жағдайда, Брокер брокерлік және консультациялық қызметтерге тарифтерді өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
  • Брокердің Клиентке брокерлік қызметтер көрсетуге қатысатын басқа да контрагенттердің мөлшерлемелері мен тарифтерін Клиент мәмілені орындау кезінде қосымша төлейді.
  • Қазақстан Республикасының және басқа елдердің аумағында төлеуге қажетті салықтық және өзге де алымдарды, баждарды (Stamp duty және т.б.р) Клиент мәмілені орындағаннан кейін дербес төлейді және олар Брокердің міндеттемелері емес.
  • Халықаралық операциялар бойынша сыйақы ҚР Ұлттық Банкінің (немесе ҚҚБ) есептік бағамы бойынша мәміле есеп айырысуларының нақты күнінде теңгемен есептеледі.