«Нұрбанк» акционерлік қоғамының «MONEY EXPERTS» еншілес ұйымы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және клиенттерді сәйкестендіруге қойылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын дұрыс орындау мақсатында, осымен ескертеді:
- Компанияның қызметтерді (брокерлік қызметтер, қаржы консалтингі қызметтері, сенімгерлік басқару қызметтері және т.б.) көрсетуі жазбаша нысанда жасалған Шарт негізінде ғана жүзеге асырылады.
- Компания Шарттарды қашықтықтан немесе агенттер мен өкілдер арқылы жасамайды.
- Компанияның өкілдіктері, филиалдары немесе еншілес ұйымдары жоқ.
- Брокерлік қызметтер көрсету шартын жасасу және брокерлік шот ашу Клиенттің жеке қатысуымен ғана, Компанияның мына мекенжайда орналасқан кеңсесінде жүзеге асырылады: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Республика алаңы, 13, 510-кеңсе.
- Брокерлік қызметтер көрсету шартын жасасу Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген нысан бойынша Клиенттің сауалнамасын Клиент толтырғаннан және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін ғана мүмкін болады..
- Компания қолма-қол ақша қаражатымен операцияларды жүзеге асырмайды.
- Клиент қаржы құралдарына инвестициялауға арналған ақша қаражатын брокерлік шот ашу кезінде Компанияның қызметкерінен алатын деректемелер бойынша, Қазақстан Республикасының кез келген банкінде ашылған шотынан қолма-қол ақшасыз аудару арқылы ғана аудара алады