Алматы, Республика алаңы 13, офис 510 +7 (727) 250 20 16 info@moneyexperts.kz

Тіліңізді таңдаңыз

Брокерлік қызмет көрсету

«Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» еншілес ұйымы» АҚ клиенттің тапсырмасымен, есебінен және мүддесінде, бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметтерін ұсынумен (немесе оларсыз), бағалы қағаздармен және басқа да қаржы құралдарымен мәмілелер жасау қызметтерінің кең спектрін көрсетеді. 

Компанияның брокерлік қызмет көрсетуінің негізгі бағыттары:

Бағалы қағаздарды сатып алу және сату қызметтері:

  • ҚР биржалық (ұйымдастырылған) нарығында;
  • ҚР биржадан тыс (ұйымдастырылмаған) нарығында;
  • халықаралық нарықтарда;
  • нарықтардың жай-күйі жөнінде консультациялар;
  • РЕПО операциялары – мәміленің талаптарымен белгіленген мерзімнен кейін сол мөлшерде және мәміленің талаптарымен белгіленген бағамен сол шығарылымның бағалы қағаздарын кері сатып алу (сату) міндеттемесімен бағалы қағаздарды сату (сатып алу) бойынша екіжақты мәмілелер. 

Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының қызметтері:

  • клиенттің бағалы қағаздарын есепке алу және осы бағалы қағаздармен мәмілелер жасау кезінде олардың қолда болуын қамтамасыз ету;
  • клиенттің бағалы қағаздарымен мәмілелерді тіркеу;
  • клиенттің бағалы қағаздарға құқықтарын растау;
  • номиналды ұстауға берілген бағалы қағаздармен мәмілелер жасау кезінде клиенттің мүддесін білдіру;
  • номиналды ұстауға берілген бағалы қағаздарға қатысты ақпаратты клиенттің назарына жеткізу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, номиналды ұстау шартына сәйкес өзге де функциялар.

Маркет-мейкер қызметтері:

  • ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарына баға белгілеулерін жариялау және қолдау.

Заңды тұлғалар үшін номиналды ұстаумен брокерлік қызметтерді көрсету туралы шарт - Жүктеп алу
Жеке тұлғалар үшін номиналды ұстаумен брокерлік қызметтерді көрсету туралы шарт - Жүктеп алу