Алматы, Республика алаңы 13, офис 510 +7 (727) 250 20 16 info@moneyexperts.kz

Тіліңізді таңдаңыз

Сенімгерлік басқару

«Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» еншілес ұйымы» АҚ инвестициялық портфельді басқару қызметтерін көрсету саласында үлкен тәжірибесі бар және осы бағытта қызметтердің кең спектрін ұсынады.

Сенімгерлік басқару қызметтерін жүзеге асырудың негізгі бағыттары:

  • Кәсіби мамандардың активтерді басқаруы.
  • Қаржы нарықтарының конъюнктурасын үздіксіз бақылау.
  • Жеке тәсіл.
  • Тәуекелдерді бақылаудың тиімді жүйесі.
  • Портфельді әртараптандыру арқылы тәуекелдерді азайту.
  • Инвестициялық портфельдің жағдайы туралы тұрақты есептер.
  • Клиенттің талаптарына байланысты ең қолайлы инвестициялық стратегияны таңдау.
  • Инвестициялық портфельдің табыстылығы коммерциялық банктегі депозиттің табыстылығынан жоғары.
  • Жасалатын операциялардың құпиялылығы.

Біздің компания өз клиенттеріне келесі инвестициялық стратегияларды ұсынады:

Сақтанымпаздық инвестициялау стратегиясы – стратегияның бұл түрі сенімділік дәрежесі жоғары және өтімділіктің жоғары дәрежесін сақтайтын құралдарға инвестициялар портфелін қалыптастыруды көздейді. Мұндай қаржылық құралдарға мемлекеттік бағалы қағаздар, муниципалдық, агенттік және кредиттік тәуекелі төмен және айналыс мерзімі 3 жылға дейінгі басқа да құралдар жатады.

Теңдестірілген инвестициялау стратегиясы – стратегияның бұл түрі тәуекел мен өтімділік деңгейі орташа, бірақ неғұрлым жоғары табыстылық алу мүмкіндігін ұсынатын құралдар портфелін қалыптастыруды көздейді. Портфельдің бұл түріне сақтанымпаздық портфельдің құралдары, тәуекелі жоғары және айналыс мерзімі 5 жылға дейінгі құралдар кіреді.

Басқыншылық инвестициялау стратегиясы – стратегияның бұл түрі тәуекел деңгейі жоғары, бірақ табыстылық деңгейі жоғары құралдарға инвестициялауды қамтиды. Активтердің бір бөлігін айналыс ерзімі 10 жылдан асатын тәуекелі жоғары құралдарға инвестициялауға рұқсат етіледі. Бұл портфельдегі акциялардың үлесі теңдестірілген портфельге қарағанда үлкенірек.