Алматы, Республика алаңы 13, офис 510 +7 (727) 272-10-32Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
«Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» еншілес ұйымы» акционерлік қоғамы келесі ақпаратты хабарлайды
Толығырық
Read Time: 1 min
Көру саны: 1
2026 жылғы 07 сәуірде «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің (қоғамның жалғыз акционерінің басқару органы) отырысы өтті, онда жалғыз акционердің айрықша құзыретіне жатқызылған, «Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» ЕҰ» АҚ қызметінің мәселелері бойынша келесі шешімдер қабылданды: 1. «Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» ЕҰ» АҚ 2025 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін. 2. «Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» ЕҰ» АҚ 2025 жылға арналған таза кірісін бөлудің келесі тәртібі бекітілсін: таза кіріс бөлусіз қалдырылып, «өткен жылдардағы бөлінбеген таза кіріс (жабылмаған залал)» шотына жіберілсін. 3. 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» ЕҰ» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін. 4. 2025 жылы «Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» ЕҰ» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционердің шағымының жоқтығы туралы ақпаратты назарға алынсын. 5. «Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» ЕҰ» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне 2025 жылға арналған сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.