2021 жылғы 13 сәуірде «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің (қоғамның жалғыз акционерінің басқару органы) отырысы өтті, онда жалғыз акционердің айрықша құзыретіне жатқызылған, «Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» ЕҰ» АҚ қызметінің мәселелері бойынша келесі шешімдер қабылданды:
- «Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» ЕҰ» АҚ 2020 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін.
- «Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» ЕҰ» АҚ 2020 жылға арналған таза кірісін бөлудің келесі тәртібі бекітілсін: таза кіріс бөлусіз қалдырылып, «өткен жылдардағы бөлінбеген таза кіріс (жабылмаған залал)» шотына жіберілсін.
- 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» ЕҰ» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін.
- 2020 жылы «Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» ЕҰ» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционердің шағымының жоқтығы туралы ақпаратты назарға алынсын.
- «Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» ЕҰ» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне 2020 жылға арналған сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.