Алматы, Республика алаңы 13, офис 510 +7 (727) 250 20 16 info@moneyexperts.kz

Тіліңізді таңдаңыз

«Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» еншілес ұйымы» акционерлік қоғамы келесі ақпаратты хабарлайды

2023 жылғы 18 сәуірде «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің (қоғамның жалғыз акционерінің басқару органы) отырысы өтті, онда жалғыз акционердің айрықша құзыретіне жатқызылған, «Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» ЕҰ» АҚ қызметінің мәселелері бойынша келесі шешімдер қабылданды:

  1. «Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» ЕҰ» АҚ 2022 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін.
  2. «Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» ЕҰ» АҚ 2022 жылға арналған таза кірісін бөлудің келесі тәртібі бекітілсін: таза кіріс бөлусіз қалдырылып, «өткен жылдардағы бөлінбеген таза кіріс (жабылмаған залал)» шотына жіберілсін. 
  3. 2022 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» ЕҰ» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін.
  4. 2022 жылы «Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» ЕҰ» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционердің шағымының жоқтығы туралы ақпаратты назарға алынсын.
  5. «Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» ЕҰ» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне 2022 жылға арналған сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын. 
(0 Votes)